Исаның қасына көптеп халық жиналды. Ол ауруларды сауықтырып, Құдай патшалығы туралы айтты. Кеш болып қалған еді.
Шәкірттері Исаға келіп, былай деді: «халықты таратып жіберіңіз»
«Олар өздеріне жейтін азық алсын және түнейтін орын тапсын. Мұнда ешнәрсе жоқ»
«Тамақты оларға сендер беріңдер»
«Бірақ бізде бар болғаны 5 күлше нан мен 2 балық» деп жауап берді шәкірттері.
Иса шәкірттеріне «Оларды шамамен елу-елуден топқа бөліп, жайғастырып отырғыза беріңдер!» — деп тапсырды
Иса 5 күлше нан мен 2 балықты алып, аспанға қарап, Құдайға сиынды.
Иса: бізге керектінің барлығын Құдай беретінін білді. Сол кезде Иса, қолындағы аз ғана нан және балықпен мүмкін емес нәрсені яғни, жиналған халықты тамақтандыру үшін сиынды.
Иса қолындағы аз ғана нан мен балық үшін Құдайға алғыс айтты. Ол Құдайдың соншама халықты жеткілікті тамақтандыратынын білді.
Иса секілді сиын: Құдайға, Оның беретін жақсы нәрселері үшін алғыс айт.
Тамақтанар алдында сиынып, Құдайға сені қамтамасыз ететіні үшін алғыс айт.
Иса сияқты сиыну дегенде, Құдайдың бір нәрсе жасайтынын күту дегенді білдіреді. «Құдаймен бірге болсақ мүмкін емес нәрсе жоқ» ( Лұқа 1:37)
Құдай керемет нәрселерді жасай алады! Сиынғаннан кейін, Иса нан мен балықты бөлді. Шәкірттері тамақты халыққа таратты. . Әркім тойғанынша ішіп-жеді. Одан кейін де біраз тамақ қалып қойды.