Сен бір кездері құстардың жылы жерлерге ұшып кетер алдында, электр беру желілерінде қалай бірқатарға жиналып тұратындарын бақылап көрдің бе?
Жыл сайын ән шырқайтын құстар-қарлығаштар мен дегелектер бір күнде оңтүстікке аттанады. Олар "сөмкелерін жинау" уақыты келгенін қалай түсінеді"?
Жаратушы Құдай оларға осындай қабілетті берді.
Олар Оның нұсқауларын орындайды, ал бұл олардың өмірін сақтайды.
Кейбір құстар 10 мың шақырымнан аса ұшып кетіп, ал көктемде олар қайтадан туған ұяларына оралады. Бұл керемет емес пе?
Таңғажайып бір құс бар - алтын түстес татрең. Олар Аляскада, мұз ешқашан ерімейтін жерлерде тұрады. 26 күн өткеннен кейін татреңнің балапандары жұмыртқаларын жарып шығады.
Мүкжидек пен майлы құрт - олардың сүйікті тағамы. Бұл құстардың көлемі көгершін тәрізді, ал олардың қауырсындары жасыл жылтыр алтын түсті.
Олар әдемі жүруді білмейді, бірақ олар жақсы ұшады. Олар үшін бұл әлдеқайда маңызды, өйткені бұл құстар қысқы демалысын Гаваяда өткізеді. Бұл үшін татреңдерге 88 сағаттық қонусыз ұшуға тура келеді.
Ұшудың алдында татрең өзінің салмағының жартысын жинайды.
Ұшу кезінде ол жоғары және төмен қарай 250 мың рет қанаттарымен қағады.
Сен кеудеңді жерден көтеріп немесе отырып тұруды, миллионның төртен бір бөлігін дем алмастан жасай аласың ба?
Егер бұл құстарда спидометр болса, ол олардың сағатына 50 шақырым жылдамдықпен ұшатынын көрсететін еді.
Американдық Алтын түстес Татреңнің салмағы шамамен 270 граммды құрайды және ол ұшу кезінде салмағының 0,6% әр сағат сайын жоғалтады.
Есептеулер бойынша құстар белгіленген жерге ұшып келгенге дейін 800 км қашықтықта асса, олардың күштері таусылуы керек.
Бірақ олардың күші отарда латынның «V» әрпі түрінде ұшатындығына байланысты - бұл алдынғы қатарда ұшатын құстардан басқа барлық арттағы қатардағы құстарға ауа қарсылығын төмендетеді; энергия үнемдеу үшін құстар орындарын мезгіл-мезгіл ауыстырып отырады.
;
Алтын түстес Татреңдер, Құдай берген нұсқауларды ұстанады.
Олар компассыз және ұшу жоспарынсыз, тәуліктің кез келген уақыты мен ауа-райының кез келген сәтінде ұшады.
Тіпті Гавайяға ешқашан ұшпаған жас құстар да үлкен мұхит арасында бұл кішкентай аралды тауып алады. Бұл сәйкестік болуы мүмкін емес.
Олар Құдайдың пайдалы нұсқауларына сүйеніп, Құдай Иеге өз алғыстарын әндерімен жеткізеді.
Біз де солай етуіміз керек емес пе? Құдай Киелі кітапта бізге керек өсиеттерді берді. Кім сол өсиеттермен жүрсе, соңында белгіленген жеріне жетеді.