Бартимей Құдай Ұлының алдына әкелінді. Соқыр адам Оны көре алмады, бірақ Оның қасында өзін қауіпсіздікте сезінді. Ол Исаның мейірімді дауысын естіді: «Бартимей, менен не қалайсың? Мен сен үшін не істей аламын?» - деп Иса сұрақ қойды.
Бартимей көпке дейін іркіліп қалмады. Оның ең үлкен қажеттілігі енді дұғаға айналды: «Ием, мен қайтадан көргім келеді».
Иса оның тілегін естіді. «Міне! Маған сенгендіктен, Мен сені емдеймін» - деді Иса.